#Тәуелсіздік30. Мансұров ел тарихына қатысты кітабын кітапханаға тапсырды

26 Қазан 2021, 19:38
10641
Бөлісу:
#Тәуелсіздік30. Мансұров ел тарихына қатысты кітабын кітапханаға тапсырды

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залда экономика және саяси ғылымдар докторы, Еуразиялық даму орталығының бас директоры Тайыр Мансұровтың Қазақстан Тәуелсіздігінің  30 жылдығына орай еліміздің маңызды оқиғаларына қатысты өзі дайындаған және жарыққа шығарған кітаптарының 2500 данасын кітапхана қорына тапсырды.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ашып, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат Еуразиялық даму орталығының Бас директоры Тайыр Аймұхаметұлы Мансұровтың қызметіне кеңінен тоқталып, сыйға берілген кітаптарына тоқталды.

#Тәуелсіздік30. Мансұров ел тарихына қатысты кітабын кітапханаға тапсырды

Белгілі қоғам қайраткерінің кітапхана қорына сыйға тартқан кітаптары қоғамдық-саяси, тарихи және әдеби-көркем жанры бойынша өте бай. Оның ішінен «Молодая гвардия» баспасынан «ЖЗЛ: Биография продолжается» сериясымен шыққан Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы, дипломат және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұлов туралы, сондай-ақ, «Еуразиялық интеграция», «Қазақстан және Ресей» ғылыми еңбектері, қазақтың ұлы ақындары – Абай, Жамбыл, Мағжанның «Ғасырлар даналығы» сериясынан шыққан таңдамалы шығармаларын атауға болады.

Бұл сыйға алынған ғылыми, саяси, тарихи, әдеби кітаптар оқырман тарапынан үлкен қызығушылық танытып, жоғары сұранысқа ие болатынына зор сенім білдіреміз.

Іс – шарада қонақтар мен оқырмандарға «Сан қырлы тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды.

Өзгелердің жаңалығы