#Тәуелсіздік30. Ақтауда «Көк тудың желбірегені» әні шырқалды

10 Қараша 2021, 18:03
2315
Бөлісу:
#Тәуелсіздік30. Ақтауда «Көк тудың желбірегені» әні шырқалды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтау жастары Мемлекеттік рәміздер алаңындағы тутұғырдың түбінде «Көк тудың желбірегені» әнін автормен бірге шырқады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігіне қарасты қоғамдық коммуникация орталығы. 

Ақтауда өткен ұлттық патриоттық шарасы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылды. 

#Тәуелсіздік30. Ақтауда «Көк тудың желбірегені» әні шырқалды

Отансүйгіштік рухтағы кездесуге белгілі ақын, мәдениет қайраткері «Көктудың желбірегені» атты өлеңнің авторы Алмас Ахметбекұлы, арнаулы оқу орындарының студенттері, әскери қызметкерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысты. 

#Тәуелсіздік30. Ақтауда «Көк тудың желбірегені» әні шырқалды

Кедесу барысында Алмас Ахметбекұлы патриоттық жалынды жырларын оқып,  жастарды туған жерді сүюге, Отанға адал қызмет етуге шақырды. 

#Тәуелсіздік30. Ақтауда «Көк тудың желбірегені» әні шырқалды

Азаттықтан үлкен байлық жоқ. Біздің келер ұрпағымызға қазақтың мына байтақ жері бақыт пен байлықтың мекені болу керек. Тәуелсіздігімізді баянды ететін, туымызды көкке көтеріп, еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосатын жастар легін тәрбиелеп шығаруымыз керек. Себебі болашақ – жастардың қолында - деді Алмас Ахметбекұлы.

#Тәуелсіздік30. Ақтауда «Көк тудың желбірегені» әні шырқалды

Ақынның  «Марқакөлден Маңғыстауға» атты  шығармашылық сапары аясында облыстағы Есенов университетінің студенттерімен және өңірдегі мұнайшылармен кездесу кеші өткізіледі.

#Тәуелсіздік30. Ақтауда «Көк тудың желбірегені» әні шырқалды

Өзгелердің жаңалығы