"Тәуелсіздік ұрпақтары" конкурсының I кезеңі аяқталды

Бүгiн, 15:39
190
Бөлісу:
"Тәуелсіздік ұрпақтары" конкурсының I кезеңі аяқталды
Фото: gov.kz

"Тәуелсіздік ұрпақтары" грантына өтінімдерді қабылдау 6 қазан күні аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Конкурсқа барлығы 1 287 өтінім келіп түсті. Қазіргі уақытта өтінімдердің Қағидалардың 17-тармағына сәйкестігі қарастырылуда.

Конкурстың II кезеңі өтінімдерді бағалау және комиссияның жеңімпаздарды анықтауы қазан-қараша айларында өтеді.

Конкурстың қорытындысы бойынша 2024 жылғы грант иегерлерінің тізімі желтоқсан айында министрліктің ресми сайтында жарияланады. 

Өзгелердің жаңалығы