«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтініштерді қарау аяқталды

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтініштерді қарау бойынша комиссия өз жұмысын аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

20 Желтоқсан 2023 2023, 03:26
АВТОР
 gov.kz 20 Желтоқсан 2023 2023, 03:26
20 Желтоқсан 2023 2023, 03:26
914
Фото: gov.kz

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтініштерді қарау бойынша комиссия өз жұмысын аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өтті.

Мәдениет және ақпарат министрі «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты жыл сайын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асатынын жеткізді.

Жоба мақсаты - белсенді, шығармашылық жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жаңа және қолданыстағы жастар бастамаларын мемлекеттік қолдау. Біздің міндетіміз-жас қазақстандықтардың бастамаларын және олардың эксклюзивті жұмыстарына қолдау көрсету, - деп атап өтті Аида Балаева.

14-35 жастағы қатысушылардың конкурстық өтінімдері 15-18 желтоқсан аралығында қаралды. 5 бағыт бойынша ең жоғары балл жинаған 30 жоба іріктелді.

Өтінімдер 26 қыркүйек пен 26 қараша айларында қабылданды. Жалпы алғанда, 1 154 жоба қаралып, оның ішінде 85-і «Ғылым», 140- «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар» - 127, 462 – «Бизнес» және 102 - «Медиа» саласы бойынша. 238 өтінім конкурстық талапқа сай келмегендіктен іріктеуден өтпеді.

Наверх