Тәуелсіздік күніне тарту. Ержан Максимнің жаңа бейнебаяны жарық көрді

<p> </p> <h4>Алматы, BAQ.KZ.&nbsp;Жас талантты әнші Ержан Максимнің «Қазақтың ұлдары» атты жаңа әні жарық көрді. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды.</h4>

 16 Желтоқсан 2020 2020, 15:14
16 Желтоқсан 2020 2020, 15:14
3345

Алматы, BAQ.KZ. Жас талантты әнші Ержан Максимнің «Қазақтың ұлдары» атты жаңа әні жарық көрді. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды.

Тауелсіздік күніне тарту, жаңа бейнебаян. Бұл ән ел мерейін асқақтатып жүрген батыр ұлдардың, жалынды жастардың құрметіне арналып, олардың жеңістерін жырға қосады, - деп жазды ол.

Жаңа әннің музыкасын Ерболат Досболатұлы, сөзін Рахат Әбдірахманов жазған. Клип Алматы қаласындағы "Қазақфильм" киностудиясында түсірілген. Режиссері - Нұрсерік Қамбар. 


Бейнебаяннан олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов, кәсіби боксшы Жанқош Тұраров бастаған спортшылар мен бір топ әншіні көруге болады. 

Айта кету керек, жас өрен былтыр өткен «Junior Eurovision-2019» халықаралық ән байқауында Қазақстанның намысын қорғап, екінші орынды иемденген болатын.

Наверх