Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай шет мемлекеттердің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары мен жеделхаттар әлі де келіп жатыр.
Мемлекет басшысын Бруней Сұлтаны Хассанал Болкиах, Монако Князі ІІ Альбер, Португалия Президенті Мерселу Ребелу де Соуза, Словакия Президенті Зузана Чапутова, Сенегал Президенті Маки Салл, Никарагуа Президенті Даниэль Ортега, Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының төрағасы Михаил Мясникович, Дүниежүзілік туристік ұйымның Бас хатшысы Зураб Пололикашвили құттықтады.
Олар құттықтау хаттарында еліміздің 30 жылдағы жетістіктерін атап өткен. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, Қазақстан халқына бақ-береке тілеген.