Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында жаңа пәтерлер кілтін табыстау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Рrimeminister.kz сілтеме жасап.
Сырдарияның сол жағалауында баспана кезегінде тұрған отбасыларға арнап салынған жеті қабатты 6 үй пайдалануға берілді.
Халықтың әл-ауқатын жақсарту, жайлы өмір сүруге жағдай жасау – еліміздің маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі. Мемлекетіміз үшін қастерлі мереке – Тәуелсіздік күні қарсаңында 500-ден астам отбасы қоныс тойын тойлағалы отыр. Қуаныштарыңыз құтты болсын!, — деді, жаңа қоныс иелерін құттықтаған вице-премьер.
Жаңа пәтер кілтін алғандар қатарында көпбалалы отбасылар да бар. Мәселен, Әсия Есенбекова 5 жыл пәтер кезегінде тұрған.
Бүгін бізге 3 бөлмелі пәтер кілті табысталды. Баспаналы болу – біздің отбасымыз үшін үлкен қуаныш. Біз өте ризамыз. Көрсеткен қолдауларыңыз үшін сіздерге алғысымызды білдіреміз, — деді Әсия Есенбекова.