Нұр-Сұтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қорғаныс министрлігі президент телерадиокешенімен бірлесіп «Тәуелсіз Еліміз құтты болсын!» атты флешмоб бастады.
Видео азаматтық парызын өтеу үшін әскерге кетіп бара жатқан жігіттің бауырына үйге бас-көз болуды тапсырған сәтінен басталады. Кейін оның әскерде жүрген кезін көрсеткен.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әскери қызметшілермен кездесіп, әскерилердің тамағынан ауыз тигенін де көруге болады.
Екі минутқа жуық видеода «Атамекен» әні шырқалады.
Қорғаныс министрлігі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылған эстафетаны Мемлекеттік күзет қызметіне табыстады.