Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тауда алапат өрт болып жатыр – Алматы облысы

22 Тамыз 2025, 21:45
755
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

22 тамызда Шамалған ауылының маңында, Қарасай ауданының мемлекеттік жер қорының аумағындағы таулы жерде шамамен 10 гектар аумақта құрғақ шөп пен бұталар өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, жергілікті жерде іс-қимылды үйлестіру үшін жедел штаб ұйымдастырылды.

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД, Алматы қаласы ТЖД, 28237 әскери бөлімінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары тартылды. Барлығы 81 адам және 12 бірлік техника оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Жағдай бақылауда, – деп жазылған хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы