Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тауарлық несиені қолма-қол ақшаға айналдырамын деген алаяқ ұсталды

10 Шілде 2025, 08:20
437
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Ақмола облысында ер адам азаматтарды тауарлық несиелерді қолма-қол ақшаға айналдырып беремін деп алдап, ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Телефон рәсімдеген

ІІМ мәліметінше, 2024 жылғы мамырда Қосшы қаласының ерлі-зайыптысы алаяқтың құрбаны болды.

Күдікті интернетте банктерден тауарға несие алған адамдарға көмектесемін деген жарнамалар жариялап отырған.

Күдікті азамат клиенттерге смартфон секілді тауарларға несие рәсімдеуді ұсынып, оны кейін өзі сатып, ақшасын комиссиясынан ұстап қайтарамын деп сендірген. Алайда, клиенттерден SMS-кодты алған соң, техника дүкендерінен тауарды өзі алып, сатқан. Бірақ түскен қаржыны қайтармаған, – деп жазылған ІІМ хабарламасында.

Жәбірленушілер – 2 млн теңгесінен айырылды

Нәтижесінде Қосшы қаласында ерлі-зайыпты 4 смартфон арқылы рәсімделген несиелер үшін шамамен 2 миллион теңге шығынға ұшырады. Ақшаның қайтарылмағанын түсінген соң олар полицияға жүгінген.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, күдіктінің осындай алаяқтық әрекеттерді басқа азаматтарға да жасағаны анықталған.

Аталған дерек бойынша екі немесе одан да көп адамға қатысты ақпараттық жүйелерді пайдаланып жасалған алаяқтық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ІІМ ескертеді: ешқандай кодтарды бөгде адамға бермеңіз

Полиция жеке мәліметтер мен SMS растау кодтарын үшінші тұлғаларға берудің қауіпті екенін ескертеді.

Заң талабы бойынша:

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша:

  • Екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған алаяқтық үшін;
  • 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру;
  • Қосымша мүлікті тәркілеу;
  • Белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 6 жылға дейін айыру жазасы қарастырылған.
Өзгелердің жаңалығы