Тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесі «Электрондық шот-фактуралар» жүйесімен біріктірілді

28 Қыркүйек 2022, 14:35
1213
Бөлісу:
Тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесі «Электрондық шот-фактуралар» жүйесімен біріктірілді

2022 жылдың 21 қыркүйегінен бастап Электрондық шот-фактуралар жүйесінде сәйкестендіру құралдарымен таңбалауға жататын тауарларға ТІЖ беру функционалдығы қолжетімді болды. Жүйелерді интеграциялау «электрондық үкімет» арқылы жүзеге асырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Пайдаланушының Қазақстан аумағында тауарларды өткізу үшін де, ЕАЭО елдерінен тауарларды әкелу үшін де таңбаланған тауарларға ілеспе шот-фактураларды ресімдеуге мүмкіндігі бар.

ТІЖ толтыру кезінде «Сәйкестендіру әдісімен таңбалауға жататын тауарлар туралы деректер» бөліміндегі жолдар қабылдау-тапсыру актісінен/ЕАЭО импорты туралы хабарламадан алынған деректермен автоматты түрде толтырылатынын атап өткен жөн, оны өңдеу мүмкіндігі жоқ.

Таңбаланған тауарларға ТІЖ растау/қабылдамау кезінде оның жеткізушісі, алушысы, тұтыну пакетінің өнім коды (GTIN), тұтыну пакеттерінің саны, құжаттың тіркеу нөмірі мен күні, сондай-ақ, тауар күйінің өзгеруі туралы деректер тексеріледі.

ТІЖ-бен жұмыс істеу туралы толық ақпаратты ҚР ҚМ МКК сайтындағы ЭШФ АЖ пайдаланушы нұсқаулығынан таба аласыз  https://kgd.gov.kz/ru/content/okumenty-po-esf-1

Естеріңізге сала кетейік, міндетті түрде енгізілетін цифрлық таңбалауға темекі өнімдері (2020 жылдың қазан айынан бастап), аяқ киімдер (2021 жылдың қарашасынан бастап) жатады, қазіргі кезде дәрілік заттарды кезең-кезеңімен цифрлық таңбалау енгізілуде. Толық ақпаратты алу үшін келесі сілтемеге өтіңіз: https://markirovka.ismet.kz/

Өзгелердің жаңалығы