Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сұранысқа ие өнімді елімізде алғаш рет Ақтөбе рельс-арқалық зауыты шығара бастады.
Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстанда тау-кен өндіру саласының кәсіпорындары қазба жұмыстары мен тоннельдердің күмбездерін нығайту мақсатында пайдаланатын СВП 22 шахталық тіреуіштерді өнеркәсіптік өндіруге кірісті.
Бірегей ыстықтай илемделген бұйымдардың елдегі өндірісі тау-кен саласын қазақстандық өндіріспен қамтуды арттырып, өндірістік материалдар мен жабдықтар импортын 90-95 пайызға қысқартуға мүмкіндік береді.
Шахталық жұмыстар барысындағы қауіпсіздік, кеншілердің өмірі мен денсаулығы көбінесе шахта тіреуіштерінің сенімділігіне байланысты болады. Сондықтан зауыт өкілдері арнайы ауыстырылатын профиль ГОСТ-қа сәйкес шығарылатындығына баса назар аударады.
СВП 22 профилінен сақиналы бекіткіштер мен 3-5 буыннан тұратын әмбебап аркалы иілгіш бекітпе жасалады, олар ерекше беріктікті және жүктемеге төзімді материалдарды қажет етеді.
Сонымен бірге СВП 22 шахталық тіреуіштерінің бірқатар артықшылығы бар. Атап айтсақ, пайдалану мерзімінің ұзақтығы, бастапқы пішінін өзгертпей топырақ салмағына төзу қабілеті, бұйымның отқа төзімділігі мен күрделі жағдайларда бірнеше рет пайдалану мүмкіндігі.