Тәтесін қызғанған павлодарлық сот шешімімен көше сыпырып жүр

Мыңға жуық адам жазасын еңбекпен өтеп жүр. Олардың арасында қызғаныштан қылмыс жасағандар да бар.

Бүгiн 2026, 16:58
АВТОР
 polisia.kz Бүгiн 2026, 16:58
Бүгiн 2026, 16:58
109
Фото: polisia.kz

Жыл басынан бері Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің пробация қызметтері арқылы қоғамдық жұмыстарға сотталған 2300-ден астам адам есепке алынған.

Қазіргі уақытта қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар жасаған мыңға жуық азамат сот тағайындаған жазасын қоғамдық еңбек арқылы өтеп жүр.

Сотталғандар көшелерді, саябақтарды, аулаларды, балалар алаңдарын тазалау, көгалдандыру және аумақтарды абаттандыру жұмыстарына тартылған. Бұл жұмыстар арнайы білім мен кәсіби біліктілікті талап етпейді. Олар пробация қызметкерлерінің бақылауымен күніне төрт сағаттан артық жұмыс істемейді.

Осындай оқиғалардың бірі Павлодар облысында тіркелген. Ер адам жаңа көңілдесіне қызғаныш танытқан туысымен жанжалдасып, оған жеңіл дене жарақатын салған. Сот шешімімен оған 60 сағат қоғамдық жұмыс жазасы тағайындалған, - деп жабарлады Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, сотталған азамат белгіленген барлық сағатты толық өтеп, тәртіп бұзушылықтарға жол бермеген. Кейін пробация қызметінің есебінен шығарылған.

Ол өз әрекетіне қорытынды жасап, мінез-құлқын қайта қарады, – деп атап өтті қызмет өкілдері.

Ведомство қоғамдық жұмыстардың негізгі мақсаты адамды еңбек арқылы түзеу және қайта құқықбұзушылық жасауға жол бермеу екенін мәлімдеді.

Тағы оқи отырыңыз: Айыппұлдар кешіріледі: Тұңғыш әкімшілік амнистияға қандай бұзушылықтар ілігеді? 

Наверх