Татарстанда теплоход суға батып кетті

11 Шілде 2022, 09:18
1347
Бөлісу:
Татарстанда теплоход суға батып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Татарстандағы Волга өзенінде серуендеуге арналған теплоход суға батып кетті. 30-дан астам адам құтқарылды.

Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

10 шілде күні түстен кейін Аракчино маңындағы Волга өзенінде серуендеуге арналған теплоход суға батып кетті. Жолаушыларды катерлер мен қайықтар дер кезінде құтқарды, - деп хабарлады Тергеу комитетінің Көліктегі орталық ауданаралық тергеу басқармасының баспасөз қызметі.

Тергеушілер бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Ведомство кемеден құтқарылған 34 жолаушының аман екенін, олардың жағаға шығарылғанын хабарлады. Қазір сүңгуірлер суға батқан кемені тексеруде.

 

Өзгелердің жаңалығы