Татарстан дәрігерлері ШҚО-ға көмекке келді

24 Шілде 2020, 04:21
1329
Бөлісу:
Татарстан дәрігерлері ШҚО-ға көмекке келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде  Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті және Тарбағатай аудандарында күрделі эпидемиологиялық жағдай сақталуда. Осыған байланысты 3 күнге Семей дәрігерлері мен Татарстаннан келген мамандар осы аймақтарға аттанбақ.

Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Көкпекті және Тарбағатай аудандарында күрделі эпидемиологиялық жағдай сақталуда.  Оған үш күнге Семей дәрігерлері мен Татарстаннан келген мамандар аттанады. Аудан ауруханалары барлық қажетті жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. Әлеуметтік желілерде пайда болған оттегінің жетіспеушілігі туралы ақпарат шындыққа сай емес. Ал дәрігерлер өздерін қорғай білулері керек. Дәрігерге ренжіп, бүкіл жүйеге әлеуметтік желілерде кір келтіруде. Бұған жол бермеу керек, – деп жазды Даниал Ахметов.

Өзгелердің жаңалығы