Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бас сарапшысы Әлішер Тастенов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Президенттің инаугурациясымен Қазақстанның дамуындағы жаңа кезең басталады. 2022 жыл өзгерістермен өтті. Конституциялық реформа саяси қайта құрулардың жаңа іргетасын қалады. Президенттік сайлау елдің саяси қайта жандануына қадам болды, - деді ол.
Қайта жүктеу, ең алдымен, президенттік институтқа әсер етті.
Енді әрбір президент Мемлекет басшысының креслосын қайта алу мүмкіндігінсіз бір рет және жетіжылдық мерзімге сайланады. Сонымен қатар жетіжылдық президенттік мерзім туралы норма Конституцияның ажырамас бөлігіне айналды және оны болашақта қайта қарау мүмкін емес. Алдағы 7 жыл ішінде Қ. Тоқаевтың «Әділ Қазақстан» құрылысы жөніндегі сайлауалды бағдарламасының барлық тармақтары іске асырылатын болады. Бұл кезең түпкі мақсаты ел азаматтарының қауіпсіздігі, әл-ауқаты және құқықтары мен бостандықтарын қорғау болып табылатын барлық жоспарланған реформаларды, бағдарламалар мен жобаларды толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік береді, - деді ол.