Тасқынның алдын алу мүмкін бе еді? – CҚО әкімінің жауабы

Бүгiн, 12:20
186
Бөлісу:
Тасқынның алдын алу мүмкін бе еді? – CҚО әкімінің жауабы
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Брифинг барысында СҚО әкіміне "Тасқынының алдын алу мүмкін бе еді?" деген сауал қойылды.

Биыл ауыр жыл болды. Солтүстік Қазақстанды тарихта болмаған алапат тасқын шайды. Су қаланың тазаланбаған қарынан емес, Есіл өзенінен келді. Мәселен, 2017 жылы 400 үйді су алды, ал биыл 4000 үй зардап шекті. Ол кезде бірінші және екінші толқынында 1 миллиард текше метр су келсе, биыл 3,5 миллиард текше метрге жеткен. Су деңгейі біз күткеннен көп болды. Қиын кезде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр 13 күн бойы солтүстік қазақстандықтармен бірге жүрді. Біз бірлесе отырып, шаралар қабылдадық. Ең бастысы, мыңға жуық адамның өмірін аман алып қалдық. Бірде бір адамды жоғалтқанымыз жоқ, - деді әкім Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Өзгелердің жаңалығы