Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның экология, геология жəне табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов бейсенбіде Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы гидротехникалық ғимараттарды аралап шықты. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, вице-министр Вячеслав су қоймасы мен қайтарареттегіштің жұмысымен танысты.
Бұдан бұрын айтылғандай, осы жылғы алдын ала жасалған гидрологиялық болжамға сəйкес, қалыптан тыс климаттық өзгерістер мен қардың қалың түсуіне орай ылғал мөлшерінің көп болуы себепті еліміздегі бірқатар облыста су тасуы мүмкін.
Мұндай фактілерді болдырмау үшін Қазақстанның Экология министрлігі ТЖ органдары, жергілікті атқарушы органдар жəне "Қазводхоз" РМК өкілдерімен бірге барлық гидротехникалық ғимараттарды визуалды түрде тексеріп, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар берді.
Бүгін біз осы ұсыныстар мен ұйғарымдардың қалай орындалып жатқанын бақылаймыз. Су тасқыны қатері болған жағдайда, гидротехникалық ғимараттарды сақтау үшін су қоймаларынан су қашырту қажет. Егер өзен аңғарларына қар толып қалса, əзірлік болмаса, тасқын қаупі өршиді. Сондықтан біз барлық жергілікті атқарушы органдарға ұсыным бердік: қай жердегі арнаны тазалау қажет, қай жерге қосымша техника керек, қай жерге кезекшілік қою керек, т.б. Жергілікті атқарушы органдардың қазіргі міндеті осы ұсыныстарды уақтында орындау, - деді вице-министр.