Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше Үкімет отырысында 2020 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары қаралды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, қалыптасқан гидрометеорологиялық жағдай негізінде Солтүстік және Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарында көктемгі су көп болады деп күтілуде.