Өзбекстанның Такшент қаласында өтетін дзюдодан Grand Slam турниріне 34 қазақстандық дзюошы қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz порталына сілтеме жасап.
Ерлер құрамасына 13 спортшы енсе, әйелдер құрамасында 11 дзюдошы бар.
Олар: Мерей Марханбетов (60 келі), Нұрқанат Серікбаев (60 келі), Есет Қуанов (66 келі) , Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Данияр Шамшаев (73 келі), Дархан Койбағар (73 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Мухаммедали Мавлидов (90 келі), Айдар Арапов (90 келі), Нұрлыхан Шархан (-100 келі), Бекарыс Сәдуақас (-100 келі), Ғалымжан Қырықбай (+100 келі), Әділ Оразбаев (+100 келі).
Әйелдер құрамасы: Ғалия Тынбаева (48 келі), Толғанай Абеуова (52 келі), Балнұр Әбдешева (52 келі), Бақыт Құсақбаева (57 келі), Балнұр Кұрманбай (57 келі), Мөлдір Нарынова (63 келі), Эсмигул Куюлова (63 келі), Анастасия Маякова (70 келі), Назерке Тілеуханова (-78 келі), Камила Берліқаш (+78 келі), Акерке Рамазанова (+78 келі).
Айта кетері, Ташкенттегі Grand Slam турнирі 3-5 наурыз аралығында өтеді.