Астана, BAQ.KZ. 13-14 наурыз күндері экспортты алға жылжыту бойынша мемлекеттік бағдарламаны орындау шеңберінде Ташкент қаласында ресми сауда-экономикалық миссия өтеді.
Іс-шараны «Атамекен» ҚР ҰКП жанынан құрылған Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы ұйымдастыруда. Миссияның мақсаты – тікелей байланыстарды орнату, қазақстандық кәсіпорындар мен әлеуетті сатып алушылар арасында сауда қатынастарды жандандыру, сонымен қатар екіжақты кездесулерді өткізу.
Қазақстан өзінің тамақ және құрылыс өнімдерін Өзбекстанға экспортауға үлкен әлеуеті бар. Бұл өнім түрлері басқа елдерден әкелінетін тауарлардан гөрі бағалық артықшылықтарға ие. Осыған байланысты сауда-экономикалық миссия бірнеше салаларға көңіл бөлетін болады.
Қазақстан Сыртқы сауда палатасы сауда-экономикалық миссия шеңберінде мәжіліс залын жалға алуды, қазақстандық қатысушылардың орналасуы (бір кәсіпорыннан 1 адамнан артық емес және миссия өтетін ресми күндер аралығында), қатысушылардың миссия өтетін ел ішінде трансферті секлді шығындарды көтереді.
Сауда-экономикалық миссияға қатысам деушілерді 24 ақпанға дейін мына сілтемедегі өтінімді толтыруы қажет.
Сұрақтар бойынша: Өмірзақ Айнұр Маратқызы, 8(7172) 279056 (204), 8 707 118 80 85, электронды пошта: a.omirzak@atameken.kz және Абдраманов Әлибек Калдыбекұлы, 8 702 777 32 91, электронды пошта: abdramanov.alibek@gmail.com.