Ташкентте Қазақстан-Өзбекстан консулдық консультациялары өтті

18 Сәуір 2024, 07:40
192
Бөлісу:
Ташкентте Қазақстан-Өзбекстан консулдық консультациялары өтті
Фото: gov.kz

Ташкентте Қазақстан-Өзбекстан консулдық консультациялары өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары Азамат Әубеков пен Өзбекстан Республикасы СІМ Консулдық-құқықтық департаменті басшысының орынбасары Вахит Тұрсыновтың басшылығымен Қазақстан мен Өзбекстанның сыртқы саяси ведомстволары арасында кезекті консулдық консультациялар ұйымдастырылды.

Консультациялар барысында тараптар консулдық және көші-қон саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, оның ішінде азаматтық мәселелеріне, сондай-ақ екі ел азаматтарының өзара сапарларының шарттарына ерекше назар аударылды.

Консультациялар соңында тараптар екі елдің құзыретті мекемелері арасындағы ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделілігін растады.

Өзгелердің жаңалығы