Ташкентте Қазақстан киносының күндері өтіп жатыр

21 Маусым 2023, 16:40
689
Бөлісу:
Ташкентте  Қазақстан киносының күндері өтіп жатыр
VIDEO
Фото: 24.kz

Мәдени шара аясында «Сұлтан Бейбарыс», «Мұқағали», «Дос Мұқасан», «Паралимпиадашы» сынды отандық 10 туынды жергілікті жұрт назарына ұсынылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Соның ішінде анимациялық еңбектер де бар. Алдағы күндері соғыс туралы түсірілген «1941 жылдың жазы» атты тарихи фильмді көрсету жоспарланып отыр.

Шара екі елдің осы салада еңбек ететін мамандарын біріктіріп, бірлескен туындылар дайындауға сеп болуға тиіс. Қазірдің өзінде бірқатар қазақстандық киногер «Жалаңтөс Баһадүр» жайлы тарихи драманың жарыққа шығуына атсалысып жүр. Біздің елде түсірілген көптеген фильм Өзбекстан нарығында жоғары сұранысқа ие.

Қазақ киносы көз алдымызда дамып келеді. Қос халыққа белгілі тарихи тұлғалар туралы бірегей туындыларды жарыққа шығарып жатыр. Біздің елдің кино мамандары «Томирис» фильмінен кейін Қазақстандағы әріптестеріне қызыға қарайтын болды. Таяуда олар «Әмір-Темір» жайлы көркем туындының біздің елдегі түсірілімін аяқтады. Оны әлемдік платформаның сұранысы бойынша таспалап жатыр екен,- дейді "Кино саласы" журналының бас редакторы Шохира Хамро.

Өзгелердің жаңалығы