Ташкентте «ҰЛЫ ДАЛА МҰРАЛАРЫ» көрмесі ашылды

22 Ақпан 2019, 17:31
2712
Бөлісу:
Ташкентте «ҰЛЫ ДАЛА МҰРАЛАРЫ» көрмесі ашылды
PHOTO

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласында "Темуридтер тарихы" мемлекеттік музейінде «ҰЛЫ ДАЛА МҰРАЛАРЫ» көрмесі ашылды.

Ташкентте «ҰЛЫ ДАЛА МҰРАЛАРЫ» көрмесі ашылды

Өзбекстандағы Қазақстан Республикасы күніне орай ұйымдастырылған көрмені "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Ахметжанов Нұрболат Қадырұлы және  "Темуридтер тарихы" мемлекеттік музейінің директоры Хуршид Файзиев құттықтау сөзбен ашып берді.

Ташкентте «ҰЛЫ ДАЛА МҰРАЛАРЫ» көрмесі ашылды

"Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы  Президенттерінің 2017 жылғы 16 қыркүйектегі кездесуінде 2019 жылы Өзбекстанда Қазақстан жылын атап өту туралы шешім қабылданған болатын. Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев пен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасында мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытудың маңыздылығын, тарихымыздың ортақтығын, рухани жаңғыруымызды назарға алып, мәдени байланысты дамытудың маңыздылығына тоқталғаны белгілі. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев : «Біздің тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз достық қарым-қатынастарымыздың маңызды факторы болып саналады. Осы бастамалар аясында өткізілетін түрлі іс-шаралар екі бауырлас халықтың жақындастығын одан әрі тереңдетуге септігін тигізбек» - деп атап өтті. Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ең алғашқы іс-шараны бастап Ташкент қаласына келдік.Қорында 25 мыңнан астам жәдігері бар «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің Өзбекстан Республикасында көрмені өткізудегі мақсаты — екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды нығайту, түркі әлемінің қара шаңырағы Түркістанның тарихи орнын, оның мәдени-рухани келбетін ашып көрсету, тарихи жәдігерлерді насихаттау, мәдени байланысты кеңейту, музейлер арасындағы коммуникацияны нығайту. Рухани байланыс, мәдени қарым-қатынасы егіз қос елдің ынтымағы арта берсін!",-деді қорық-музей басшысы Нұрболат Қадырұлы.

Ташкентте «ҰЛЫ ДАЛА МҰРАЛАРЫ» көрмесі ашылды

Көрме экспозициясына 50-ден аса фото картиналар мен қорық-музейдің шығарған баспа өнімдері қойылды. 

Ташкентте «ҰЛЫ ДАЛА МҰРАЛАРЫ» көрмесі ашылды

1871-1872 жылдары жиһанкез А.Кунның «Түркістан альбомында» жарық көрген Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, ондағы Әмір Темірдің бұйрығымен жасалған ХІV ғасырдың құнды жәдігерлері - Тайқазан, Лауһа (тудың ұшы), Шырағдандар, Есіктер мен қорық-музей қорындағы этнографиялық, археологиялық материалдар, Түркістан өңіріндегі тарихи-рухани орындардың фотосуреттері көпшілік назарына ұсынылды.

Ташкентте «ҰЛЫ ДАЛА МҰРАЛАРЫ» көрмесі ашылды

Шара барысында өзбекстандық көрме тамашалаушылар "Түркістан әфсанасы" деректі фильмін де тамашалады. 

Ташкентте «ҰЛЫ ДАЛА МҰРАЛАРЫ» көрмесі ашылды

Сондай-ақ, қорық-музей Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын негізге ала отырып, Ұлы даланың рухани мұраларын шетелдерде таныту, насихаттау арқылы еліміздегі тарихи орындарға шетелдіктердің қызығушылығын тудыруды көздейді. 

Ташкентте «ҰЛЫ ДАЛА МҰРАЛАРЫ» көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК 2018 жылы Түркия Республикасының Кастамону, Анкара, Бурса қалаларында «Қожа Ахмет Ясауи мұралары және Түркістан» тақырыбында, Грекияның Салоники, Ресейдің Сочи қалаларында халықаралық көрмелерге қатысты. 

Көрме  бір ай келушілерге қызмет көрсетеді.

Өзгелердің жаңалығы