Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында 53 жолаушы республикалық тас жолдың 950-ші шақырымында күрделі жол жағдайына тап болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол қозғалысына шектеулерге байланысты Белқопа ауылына қарай жаяу келе жатқан 15 адам және Шымкенттен Мәскеуге бара жатқан автобустағы 38 жолаушы қауіпсіз жерге көшіріліп, жақын маңдағы ауылдағы жылыну орталықтарына жеткізілді.
Эвакуацияланғандарға, оның ішінде 11-і Өзбекстан Республикасының азаматтарына медициналық көмек қажет емес, - деп атап өтті министрлік.
Төтенше жағдайлар министрлігі адамдарға алыс қашықтыққа сапар шеккенде ауа райы жағдайларын ескеруді және төтенше жағдайлар қызметінің ұсыныстарын орындауды еске салады.