Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы "Барыс Арена" спорт кешенінде өтіп жатқан Рафаэль Надаль мен Новак Джокович арасындағы қайырымдылық матч мәресіне жетті.
Алғашқы сетте испаниялық теннисші 6:3 есебімен басым түскен. Екінші сет сербиялықтың пайдасына шешілді. Джокович екінші кезеңді 6:3 есебімен аяқтап, таразы басын теңестірді.Ал жеңімпаз тай-брейкте анықталды. Теннистегі "лотерейде" жолы болды.
Қорытынды есеп - 6:3, 3:6, 9:11
Айта кетейік, бұл екеуі осымен спорттық карьераларында өзара 55-рет кездесті. Бұған дейін әлемнің бірінші ракеткасы саналатын сербиялық теннисші 54 ойынның 28-інде жеңіске жетсе, 26 матч қарсыласының пайдасына шешілген. Екеуі финалда 26 рет жолыққан. Надальда 19 "Үлкен дулыға" болса, Джокович 16 рет топ жарған.