Тартылған инвестиция көлемі бойынша Қарағанды облысы елдегі үздік төрттікке кіреді

15 Желтоқсан 2020, 18:36
1243
Бөлісу:
Тартылған инвестиция көлемі бойынша Қарағанды облысы елдегі үздік төрттікке кіреді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Facebook-тегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, бір жыл бойы әкімдік пен «Атамекен» алаңында мемлекеттік органдармен, жүйе құраушы кәсіпорындармен және қарағандылық тауар өндірушілермен 20-дан астам түрлі кездесу өткізген.

Осы жылдың басында біз «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, облыста тауарлар мен қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту үлесін екі есеге ұлғайту міндетін қойдық. Бұл жаңа жұмыс орындарын құру және салық түсімдерін арттыру үшін қажет. Жыл бойы әкімдік пен «Атамекен» алаңында мемлекеттік органдармен, жүйе құраушы кәсіпорындармен және қарағандылық тауар өндірушілермен 20-дан астам түрлі кездесу, кеңес пен жұмыс топтарының отырысы өткізілді, - деп жазды әкім.

Жеңіс Қасымбек өткізілген кеңестердің арқасында біраз жетістікке жеткендерін атап өтті.

Тартылған инвестиция көлемі бойынша Қарағанды облысы елдегі үздік төрттікке кіреді

Нәтижесінде біз біраз жетістіктерге қол жеткіздік. Мысалы, мемлекеттік сатып алуларда қазақстандық өндірушілерден жиһаз жеткізу үлесі 87%-ды, құрылыс материалдары - 91%-ды, тамақ өнеркәсібінің жергілікті өндірушілерінің үлесі 81,3%-ды құрады, машина жасау саласының өнімі 60,6%-ға дейін ұлғайды, сондай-ақ Жол картасы жобаларында жергілікті өнімнің үлесі 90,7%ға дейін жеткізілді, - деді Қасымбек.

Ол 2020 жыл отандық өндірушілерді қолдау жылы деп жарияланғанын еске салды.

Тартылған инвестиция көлемі бойынша Қарағанды облысы елдегі үздік төрттікке кіреді

Біз қарқынды дамып келе жатқан өңірміз және тартылған инвестициялардың көлемі бойынша елдегі үздік төрттікке кіреміз. Бұл позицияны біз жергілікті өндірушілердің, сондай-ақ Қарағанды облысының үздік бизнес өкілдерімен бірлескен жұмыс жүргізудің арқасында иеленіп отырмыз. Қарағандылық өндірушілерге өңірдің ірі компаниялары, соның ішінде Арселор Миттал Теміртау және Қазақмыс корпорациясы қолдау білдіріп отыр. Ақпан айында біз жергілікті өндірістің шикізаттық емес тауарларының үлесін арттыру бойынша АМТ-мен меморандумға қол қойдық. 2020 жылы жергілікті тауар өндірушілердің тауар жеткізу көлемі 5 млрд-тан 24,5 млрд теңгеге дейін өсті. Ал жыл соңына дейін Қазақмыс компаниясы қарағандылық өндірушілерден сатып алатын тауарлардың үлесін 10 млрд теңгеден 15 млрд теңгеге дейін өсіреді. Біздің қарағандылық құрылысшылардың өз объектілерінде жергілікті өндіріс материалдарын пайдалануы да қуантады. Бұдан басқа қарағандылық өндірушілер қазақстандық нарықты да тиісті өнімдермен қамтамасыз етуде. Біздің облыстағы кәсіпкерлердің өнімдері еліміздің басқа өңірлерінде де сұранысқа ие, - деп атап өтті облыс әкімі.

Жеңіс Қасымбектің сөзінше, бұл көрсеткіштерге жету үшін олар әрбір жергілікті өнім жеткізушімен жекелей жұмыс жасаған.

Тартылған инвестиция көлемі бойынша Қарағанды облысы елдегі үздік төрттікке кіреді

«Қарағанды - Теміртау» автожолы сияқты көптеген ірі инфрақұрылымдық жобада қарағандылық шамдар мен жарықтандыру тіректері орнатылады, сондай-ақ жергілікті өнімдерді пайдалану және газ тарату желілерін төсеу кезінде тиісті уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл тек жекелеген мысалдар ғана. Пандемия кезінде отандық өндірушілерді қолдау білдіру өте қажет. Оларға бұл қамқорлықты мемлекеттен өзге, біз де көрсете аламыз. Сондықтан әрқайсымыздың мүмкіндігінше біздің өңірде өндірілген және жергілікті экономиканы қолдайтын тауарларды сатып алуымыз өте маңызды, - деп түйіндеді Қасымбек.


Өзгелердің жаңалығы