Tartyl Fest аяқталды . Елордада соңғы кезеңнің жеңімпаздары анықталды
Tartyl Fest аяқталды . Елордада соңғы кезеңнің жеңімпаздары анықталды
<p>Елордада турникке тартылу бойынша Tartyl Fest фестивалінің жеңімпаздары анықталды.Турнирдің соңғы 20-кезеңі Нұр-Сұлтан қаласында, EXPO аумағында өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.</p>
Елордада турникке тартылу бойынша Tartyl Fest фестивалінің жеңімпаздары анықталды.Турнирдің соңғы 20-кезеңі Нұр-Сұлтан қаласында, EXPO аумағында өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл жарысқа қатысуға 650-ден астам елордалық өтінім берген. Ондағы ең үлкен қатысушы 81 жаста болған.
Бүгін астаналықтар Tartyl Fest рекордын жаңарта алмады, мұндағы ең жоғары көрсеткіш – 38. Бұған дейін Tartyl Fest-тің соңғы рекордын тараздық Евгений Нам орнатқан еді, ол белтемірде 50 рет тартылған.
Сондай-ақ, бүгінгі турнирдің ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев, «Дара» қолдау қорының басшысы Нұрлан Қоянбаев, белгілі спортшы Дамир Муминов, жоба амбассадоры, қоғам қайраткері Айтым Жақыпов қатысқан болатын.
Бірінші орын үшін 200 мың теңге ақшалай сыйлық беріледі, екінші орын үшін – 100 мың теңге; үшінші орын үшін – 50 мың теңге.
Енді әр қаланың жеңімпаздары (тоғыз санатта) қазан айында Нұр-Сұлтанға гранд-финалға келеді. Нақты күн кейінірек жарияланады.
Гранд-финал чемпиондары Финляндияда өтетін Street Workout бойынша әлем чемпионатына қатыса алады.