Бүгін "Заң және тәртіп" қағидатын ілгерілету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру мақсатында ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының қабырғасында курсанттарға арналған "Тәртіпті өзіңнен баста!" кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сабақтың негізгі тақырыбы Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік идеологиясын қолдайтын белсенді азаматтық ұстанымды дамыту, құқықтық мәдениетті арттыру, сондай-ақ жас ұрпақ арасында адалдық пен парасаттылық қағидаттарын нығайту болды.
Кездесу барысында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті басшысының бірінші орынбасары Сағыныш Аяғанова Академия курсанттарына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қолданыстағы жүйесі туралы айтып, олармен сыбайлас жемқорлықтың қандай жағымсыз салдары бар екенін және әрбір адам лайықты қоғамды қалыптастыруға қандай үлес қоса алатынын талқылады.
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Нұрсейітов Данияр сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік идеологиясын қолдайтын белсенді азаматтық ұстанымның, сондай-ақ жас ұрпақ арасында адалдық пен парасаттылық қағидаттарын нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзудың салдарын ашатын алдын алу бағытындағы әлеуметтік шағын фильм көрсетілді.