Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің жалпы отырысында Үкіметтің жаңа басшысы жайлы ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Олжас Бектенов – тәжірибелі мемлекеттік қызметші. Оны Қазақстан экономикасы және басқа да салалар бойынша білімі мол, ұйымдастыру қабілеті жоғары, өзі тәртіпті, адал, еңбекқор азамат. Сондықтан ел экономикасының алдында тұрған мақсаттарды жүзеге асыруға қабілеті жетеді деп ойлаймын, - деді Тоқаев.
Президент 7 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтетінін атап өтіп, онда жаңа құрамның алдында тұрған міндеттерге тоқталатынын сөз етті.
Еске сала кетейік, бүгін отырыста депутаттар Премьер-министр лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасын қолдады. Президент тиісті Жарлыққа қойып, Бектенов еліміздің 12-ші Премьер-министрі атанды.