Тәртіп сақшылары 3 жасар баланы құтқарып қалды

Анықталғандай, анасы қызын үйде жалғыз қалдырып, дүкенге кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

30 Сәуір 2023 2023, 12:29
АВТОР
 polisia.kz 30 Сәуір 2023 2023, 12:29
30 Сәуір 2023 2023, 12:29
999
Фото: polisia.kz

Анықталғандай, анасы қызын үйде жалғыз қалдырып, дүкенге кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Пәтерде шәйнек газплитаға қосулы болған. Кішкентай қыз үйдің есігін іштен жауып алған. Салдарынан, анасы пәтерге кіре алмай қалған.

Оқиға орнына дереу патрульдік полиция экипажы жіберілді. Келген полиция қызметкерлері Абай Фазылов пен Алмас Сафин пәтерге балкон арқылы кіруге жедел шешім қабылдаған. Пәтер екінші қабатта орналасқан. Полицейлер пәтерге кіріп, бүлдіршінді анасына аман-есен табыстады. Балақайдың анасы полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Наверх