Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тарихты түпнұсқа мәтіндерге сүйеніп пайымдау кенже қалып отыр – ғалым

Жансая ҚАМБАР
15 Шілде 2025, 16:45
918
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Бұл туралы бірнеше көне тілді жетік меңгерген шығыстанушы, қытайтанушы ғалым, тарих ғылымдарының докторы Дүйсенәлі Әбділәшімұлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Дүйсенәлі Әбділәшімұлы – Қытайдың Бірінші тарихи архивінде сақталған қазақ-қытай дипломатиялық хаттарын зерттеп, ғылыми айналымға енгізген ғалым. Ол E-history-ға берген сұхбатында көне жазбаларды тану мектебі қалыптаспай, тарихқа терең бойлау мүмкін болмайтынын айтты.

Қазақ халқының жазу мәдениетіне тоқталғанда оның тарихта қолданған жазу үлгілерін айтпай кетуге болмайды. Қазақ халқы да басқа түркі халықтары секілді сан ғасырлық тарих толқынында түрлі жазу нұсқаларын пайдаланған. Сондықтан қазақтың ескі жазба тілін жан-жақты зерттеп, мемлекет тілі аясында қарастырған жөн, немқұрайды қарамау қажет. Елімізде көне жазба мұраларды тану мектебі әлі толық қалыптаспай келеді. Соның салдарынан түпнұсқа мәтіндерге сүйеніп тарихты пайымдау жақтары кенже қалып отыр, - деді ол.

Ғалым қазақ халқы өзінің тарихында бірнеше жазуды ауыстырғанын, оның пайдасын көргенімен, зиянын да тартқанын атады.  

Себебі адамдар көне жазуларды арнайы оқып үйренбейінше оның сырын аша алмайтыны даусыз. Осының салдарынан тарихымыздың ақтаңдақ беттері көбейіп, елеулі уақиғалар ел есінен көтеріліп отырған, - деді ол.

Дүйсенәлі Әбділәшімұлы сұхбатта қазақ тарихында болған бірқатар жазу үлгілерін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы