Тарихи жүлде: Денис Никиша – шорт-тректен әлем чемпионатының күміс жүлдегері

16 Наурыз 2024, 23:50
514
Бөлісу:
Тарихи жүлде: Денис Никиша – шорт-тректен әлем чемпионатының күміс жүлдегері
Фото: olympic.kz

Шорт-тректен Нидерландтың Роттердам қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Денис Никиша күміс медаль иеленді, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы 500 метрге жарысудан мәре сызығын екінші болып кесті. Оның нәтижесі - 41.676.

Алтын медальді Қытай, қоланы Канада спортшылары иеленген.

Айта кетелік, бұл отандық шорт-трек тарихында біздің спортшылар жеңіп алған тарихи медаль. Бұған дейін Қазақстан командасының өкілдері ересектер арасындағы әлем чемпионатында жүлде алған емес.

Өзгелердің жаңалығы