Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тарих пен техника: Алматыда әскери мұражай ашылмақ

2 Мамыр 2025, 15:23
923
Бөлісу:
 автордан
PHOTO
Фото: автордан

Ашық аспан астындағы мұражайдың ресми ашылу салтанаты 5 мамыр күні болады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған әскери-тарихи мұражай 28 панфиловшылар саябағындағы Даңқ мемориалының бір бөлігінде орналасқан.

Тарих пен техника: Алматыда әскери мұражай ашылмақ

Алматы әскери-тарихи мұражайының басшысы, аты аңызға айналған генерал Иван Васильевич Панфиловтың немересі Алуа Байқадамованың айтуынша, қазіргі уақытта қайта өңдеу жұмыстары толық жасалып біткен. Сондай-ақ алты мылтық экспозицияға толық дайын. Қалғандарымен күн сайын мамандар жұмыс істеп жатыр.

Тарих пен техника: Алматыда әскери мұражай ашылмақ

Қалпына келтіру жүріп жатыр. Мұражайға қойылатын заттар өңделіп, қайта боялды. Бояу әдейі таңдалды. Өйткені қазіргі заман мен сол кездегі ерекшеліктің арасы жер мен көктей. Ол кезде қазіргі хакиге қарағанда күңгірт сұр түсті болды. Қорғаныс министрлігінен басқа, әкімдік бізге бұл мәселеде де, Жеңіс мерейтойына дайындықта да қажетті көмек көрсетті, - деді Алуа Байқадамова.

Саябақ аумағына 1938 жылғы үлгідегі дивизиялық гаубица қойылған. Шығарылған уақыты 1939-1955 жылдарды қамтиды. Ату қашықтығы – 9500 метр. Салмағы 2642 келі тартады. 8 адамға есептелген. Бұл гаубица Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде кеңінен қолданылып, сенімділігі және тиімділігімен ерекшеленді.

Сондай-ақ мұражайдан жаяу әскер бөлімшелерінің негізгі қаруы ретінде қолданылған 1938 жылғы минамётты көруге болады. 

Тарих пен техника: Алматыда әскери мұражай ашылмақ

Оның калибрі – 120 мм, ату қашықтығы – 5500 метр, салмағы – 275 келі. 6 адамға есептелген. Шығарылған уақыты 1940-1945 жылдарды қамтиды.

1954 жылғы үлгідегі сырғымасыз қару.

• Калибрі: 107 мм;
• Ату қашықтығы: 6500 метр;
• Салмағы: 305 кг;
• Есептоп: 5 адам;
• Шығарылған жылдары: 1954-1970 жж.

Бұл қару жеңіл салмағы мен тиімділігі арқасында танкке қарсы қорғаныста және бекіністерді жоюда кеңінен қолданылды. Қайтарымсыз атылу технологиясы оны пайдалануды жеңілдетіп, майдан даласында жоғары мобильділікті қамтамасыз етті.

Мұражайға таулы аймақтарда әскери операциялар жүргізуге арналған 1939 жылғы гаубица қойылған. 

Тарих пен техника: Алматыда әскери мұражай ашылмақ

Калибрі 107 мм, ату қашықтығы 10 500 метрді қамтиды. Салмағы: 2400 келі. Шығарылған жылдары 1939-1980 жылдарды аралығы. 

Тарих пен техника: Алматыда әскери мұражай ашылмақ

Жеңіл конструкциясы мен мобильділігі оны қиын жер бедерінде пайдалануға мүмкіндік берді. Ұзақ қашықтыққа ату қабілеті мен сенімділігі оны көпжылдық қызметтің негізгі құралына айналдырды.

Сондай-ақ мұражайға 1941 жылы АҚШ-та шығарлған гаубица қойылған. 

Тарих пен техника: Алматыда әскери мұражай ашылмақ

Калибрі 105 мм, ату қашықтығы 11 200 метр, салмағы: 2260 келіден асып жығылады. Шығарылған уақыты 1941-1945 жылдар аралығын қамтиды. Бұл гаубица АҚШ-та Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде шығарылып, одақтас елдердің артиллериялық күштерінде кеңінен қолданылды. Жоғары дәлдігі мен үлкен ату қашықтығы оны жаяу әскерге қолдау көрсету және қорғаныс шептерін нығайту үшін таптырмас қаруға айналдырды.

Өзгелердің жаңалығы