Тарих оқулықтарының бір беті ауған соғысына арналса екен – ардагер

15 Ақпан 2024, 15:08
581
Бөлісу:
Тарих оқулықтарының бір беті ауған соғысына арналса екен – ардагер

Бұл туралы Алматыда өткен Ауған соғысының жауынгерлерін еске алу рәсімінде ҚР Қарулы күштері ардагерлер кеңесінің төрағасы полковник Төлеген Мұстафин айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматыда Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылуына 35 жыл толуына орай салтанатты рәсім өтті. Іс-шара барысында мінберден сөйлеген ҚР Қарулы күштері ардагерлер кеңесінің төрағасы, полковник Төлеген Мұстафин ауған соғысын келешек ұрпақ білуі үшін тарих кітаптарына қосуды ұсынды.

Тарих оқулықтарының бір беті ауған соғысына арналса екен – ардагер

35 жыл - біраз уақыт. Біз қазір ауған соғысының ардагерлеріне қарасақ, қартайып, шаштары ағарып кеткен үлкен кісілер.  1979 жылы кеңес әскерлері Ауғанстанға жіберілген кезде олардың жастары 18-20, әрі кетсе 20-дан кішкене асқан болды. Олар Отан алдындағы әскери борышын абыроймен орындады. Осы тәрізді іс-шаралар жастарымыз үшін қажет. Енді мектеп бағдарламасына сай тарих оқулықтарының тым болмаса бір беті ауған соғысына арналса екен, – деді Төлеген Мұстафин.

Өзгелердің жаңалығы