Польшаның Закопане қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Үлкен трамплиннен секіруде (Large Hill HS 140) отандасымыз Данил Васильев алтын медаль жеңіп алды. Бұл – FIS кубогінің ересектер арасындадағы отандық шаңғымен тұғырдан секіру тарихындағы алғашқы жеңіс.
Сонымен қатар осы жарыста бақ сынаған Канвон-2024 қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Илья Мизерн 15-орынға ие болды.
FIS кубогы
- Данил Васильев - 249.4 ұпай
- Мартин Хамам - 247.5 ұпай
- Ульрих Волгенант - 246.5 ұпай
13 елден 78 спортшы қатысып жатқан жарыс бүгін аяқталады.