«Тарифті инвестицияға айырбастау». Сапалы сумен қамтуда қандай жобалар жүзеге асырылуда

25 Қазан 2024, 13:42
412
Бөлісу:
«Тарифті инвестицияға айырбастау». Сапалы сумен қамтуда қандай жобалар жүзеге асырылуда
Фото: автордан

Павлодар қаласында «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы шеңберінде сумен қамту қызметінің сапасын жақсарту және коммуналдық желілердің тозу көрсеткішін азайту мақсатында ірі добалар жүзеге асырылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Мамандардың мәліметінше, Павлодардағы кәріз желілерінің тозу деңгейі 80%-ға жақындаған. Ал сумен жабдықтау бойынша көрсеткіш 70% шамасында. Биыл атқарылған жұмыстардың нәтижесінде көрсеткішті 1%-ға азайту жоспарланған. Ал негізгі мақсат – инфрақұрылымның тозуын 15%-ға дейін азайту көзделген. Ол үшін орташа мерзімді жеті жылдық жоспар бар.

Қазіргі уақытта облыс орталығында апатты кәріз жүйелері мен шаруашылық-ауызсу құбырларын ауыстыру жұмыстары қызу.

Облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Нұрлан Нұрмұратовтың айтуынша, төрт нысан инвестициялық бағдарламалара ясында жүргізіліп жатыр.

Негізгі жобалардың қатарында магистральдік құбырдың құрылысы бар. 1200 миллиметрлік құбыр Ертіс өзенінен су тартуға арналған. Екі желі арқылы қала тұрғындарына тіршілік нәрі жеткізіледі. Ірі жобаны жүзеге асыруға 2,5 млрд теңге бөлінген. Қазіргі уақытта жұмыстардың 82%-ы орындалды. Құбырлар берік материалдан жасалған, нақтырақ айтқанда, төменгі қысымдағы пропиленді өткізгіш жарты ғасыр үздіксіз жұмыс істеуге қауқарлы», - дейді Нұрлан Нұрмұратов.

Айта кетейік, облыс орталығына шаруашылық және ауызсуға арналған су үш желі арқылы жеткізіледі. Жаңа нысан қолданысқа берілгенде ескі құбырлардың жұмысы тоқтатылмайды. Құрылыс барысында түйіспелі дәнекерлеу апараты мен топырақты шұңқыр типті тесу қондырғысы қолданылуда.

Өзгелердің жаңалығы