«Тарифті инвестицияға айырбастау». Биыл 3,3 млрд теңгенің жобасы жүзеге асырылады

25 Маусым 2024, 14:46
408
Бөлісу:
«Тарифті инвестицияға айырбастау». Биыл 3,3 млрд теңгенің жобасы жүзеге асырылады
Фото: BAQ.KZ -архив

Павлодар облысында биыл «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы бойынша 3,3 млрд теңгенің инвестициялық жобасы бекітілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті облыс бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Нұрмұратовтың айтуынша, бұл бағдарлама шеңберінде өңір экономикасына шамамен 15 млрд теңгенің инвестициялары тартылған.

Ал алдағы үш жылда тартылған қаражат көлемі 64 млрд теңгеге жеткізу жоспарланған. Атап айтқанда, қазірдің өзінде облыстағы энергия таратушы ұйымның қызметіне 13 млрд теңге тартылған. Энергия таратушы, сумен қамту кәсіпорындардың қызметін жақсартуға да қомақты сома құйылып жатыр. Тартылған қаржы шекті тарифпен жұмыс істейтін негізгі табиғи монополиялар субъектілерінің көрсеткіштері осындай болып келеді, - дейді Нұрлан Нұрмұратов.

Қосымша инвестиция тарту табиғи монополиялар нысандарының өндірістік және әкімшілік ұжымның жалақысын көтеруге сеп болды.

Жұмысшылардың төмен жалақысы коммуналдық сектордағы білікті мамандардың нарықтан кетуіне кері әсер етті. Сайып келгенде, бұл тұтынушыларға көрсетілетін қызмет сапасын төмендетті. Осындай жағдайды болдырмау үшін тиісті шаралар қолға алынып жатыр. Тарифтерді көтеру қызмет сапасын арттыру, ескірген коммуналдық желілерді жаңарту мен мамандардың айлығын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Департаменттің маңызды міндеттердің қатарында азаматтардың шағымдарын қарау бар. Жыл басынан бері органға 175 өтініш түсті, - дейді Нұрлан Нұрмұратов.

Департамент өңірде 55 табиғи монополиялар субъектісінің қызметін реттейді. Олардың 18-і шекті тариф бойынша жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы