Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ауылдық жерлерде суға қолданылып жүрген тарифтер өңірлерде әртүрлі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр айтты.
Оның айтуынша, осы нысандармен Ауыл шаруашылығы министрлігі бекітетін су құбырларының тізбесін толықтыру қажет. Аталған тізбені бекіту жөніндегі функцияларды әкімдіктерге беру субсидиялар бөлу мәселесін жеделдетуге мүмкіндік береді екен.
Министр сонымен қатар, ағынды суларды тазарту нормативтері Еуропалық стандарттарға сәйкес келу үшін кәріздік тазарту қондырғыларын салуға бюджеттен тыс қаражат тарту тетігін әзірлегенін айтты.
«86 қалалық елді мекеннің ішінде 58 қалада ғана кәріздік тазарту қондырғылары бар. Олардың орташа тозуы 60%-дан асты. 26 қаладағы қондырғыларды реконструкциялау және 27 қалада жаңадан салу керек. Аталған проблеманы шешу үшін алдын ала бағалау бойынша шамамен 330 млрд теңге қажет. Осы міндетті орындау үшін министрлік кәріздік тазарту қондырғыларын салуға бюджеттен тыс қаражат тарту тетігін әзірледі. Біз ағынды суларды тазарту нормативтерін Еуропалық стандарттарға сәйкес келтіруді ұсынамыз. Бұл сарапшылардың пікірі бойынша күрделі шығындарды 30%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді», - деді Роман Скляр.
Бұған дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қала және ауыл xалқын орталықтандырылған сумен қамтасыз ету 2023 жылы аяқталатынын айтты.