"Тарифтер тез өспейді". Министр жаңа энергия көздері туралы айтты

23 Ақпан 2024, 11:58
461
Бөлісу:
"Тарифтер тез өспейді". Министр жаңа энергия көздері туралы айтты
Фото: BAQ.KZ - архив

Бұл туралы Сенатта өтіп жатқан парламенттік комиссия отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, әлемде территориясының көлемі бойынша 9-орын алатын Қазақстан жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша айтарлықтай әлеуетке ие.

Еліміздің жел, күн және гидроэнергетиканы дамытудың, заманауи технологияны енгізудің және орнықты дамудың жоғары потенциалы бар. Таяу уақытта республикада жел генерациясын дамыту бойынша әлемде көшбасшы позицияға ие болудың барлық мүмкіндігі бар. Елімізде жел генерациясы барынша тұрақты. Бұл энергия көзі еліміз бойынша біркелкі бөлінуі мүмкін. Нәтижесінде ол тарифтердің өсуіне барынша аз әсер етіп, түпкі тұтынушыға салмақ түсірмейді. Қазақстандағы климат жел электр станцияларын салуға қолайлы. Жылдамдығы 5 м/с-тан асатын жел дәліздерінің болуы жел турбиналарын салуға ыңғайлы, - дейді Алмасадам Сәтқалиев.

Сараптамалық бағалау бойынша Қазақстандағы жел энергетикасының энергетикалық әлеуеті – жылына 920 миллиард кВт/сағ.

Бұл ретте Каспий өңірі, оңтүстік, сондай-ақ оңтүстік-шығыста орналасқан Шелек дәлізі мен Жоңғар қақпасы жел энергиясының ең жоғары әлеуетіне ие, - деді Энергетика министрі.

Өзгелердің жаңалығы