Қытай Google-ға қарсы монополияға қарсы тексеруді бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
АҚШ Қытайдан келетін импортқа 10% баж салығын енгізген еді. Енді соған жауап ретінде ҚХР Мемлекеттік кеңесі америкалық мұнай, автомобиль және ауыл шаруашылығы техникасына 10%, ал АҚШ-тың көмірі мен сұйытылған табиғи газына 15% баж салығын салды.
Bloomberg мәліметінше, бұл шешім АҚШ президенті Дональд Трамптың Қытай импортына 10% тариф енгізу туралы шешіміне жауап ретінде қабылданды. Жаңа баж салығы 10 ақпаннан бастап күшіне енбек.
Бұған дейін Трамптың өкілдері АҚШ президенті Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен тарифтер туралы сөйлесуді жоспарлап отырғанын хабарлаған еді. Алайда әңгіме болмағандықтан, тарифтер күшіне енді.
Сондай-ақ Қытайдың Мемлекеттік нарықты реттеу басқармасы Google компаниясының монополияға қарсы заңнаманы бұзуын тексеретінін мәлімдеді.
Айта кетейік, ақпан айының басында Дональд Трамп Канада, Қытай және Мексикадан келетін импортқа жоғары тарифтер енгізу туралы бірнеше жарлыққа қол қойған болатын. Алайда кейін АҚШ президенті бұл шешімнің күшіне енуін 1 айға кейінге шегерді.