Осыған байланысты бұл учаскеде көлік қозғалысы шектеледі. «Өскемен-Тарғын-Самар», «Өскемен-Таулы Үлбі-Северное» бағытындағы тас жолдар сағат 20.00-ден бастап жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«ОблШығысЖол» ЖШС ақпараты бойынша, көшкін түсу қаупіне байланысты 10.02. сағ. 20-00 «Өскемен–Тарғын–Самар» (63-145 км, Тарғын а.-Самар а.), «Өскемен-Таулы Үлбі-Северное» (30-60 км) облыстық маңызды автокөлік жолында барлық а/к түрлері үшін қозғалыс жабық.