Атырау облысындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Айжан Мақсұтқызы балабақшадағы оқиғасы қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұған дейін Атыраудағы балабақшада тәрбиеші кішкентай қызды ұрғаны жайлы ақпарат шығып, оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын.
Аталған балабақша Атырау қаласындағы жекеменшік-серіктестік аясында салынған мекеменің бірі. Қазіргі уақытта болған жағдайға байланысты балабақша әкімшілігінен түсіндірме жұмыстары алынды. Қалалық білім бөлімі жанынан зерделеу тобы құрылып, тіркелген жағдайға байланысты қызметтік тексеріс тағайындалды, - деді уәкіл.
ҚР Қылмыстық Кодексінің 140-бабы бойынша кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау бойынша іс тіркелді.
Ол болған жағдай құқық қорғау органдары назарында және Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның бақылауында екенін еске салды.