Тәрбиешінің баланы баспалдақ таянышынан төмен салбыратып тұрған сәті видеоға түсіп қалған

8 Қазан 2019, 11:19
5619
Бөлісу:
Тәрбиешінің баланы баспалдақ таянышынан төмен салбыратып тұрған сәті видеоға түсіп қалған
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде Жамбыл обылысындағы балалар үйіндегі сұмдық жағдайға қатысты видео тарап кетті, деп хабарлады Baigenews.kz.

Куәгерлер видеоны ғимарат қоршауындағы саңылау арқылы түсіріп алған. Кадрларда тәрбиешінің балаларды далаға алып шыққаны байқалады. Балалар жаппай жылап жатыр. Тәрбиеші олардың біреуін жұлып алып, шығаберістегі баспалдақ таянышынан асырып жіберіп, біраз уақыт бойы бала басымен төмен салбырап тұруға мәжбүр болады.  


Аталмыш оқиғаның Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы мамандандырылған "ҮМІТ" балалар үйі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болғаны белгілі. Жамбыл облысы полиция департаменті аталған деректі растады.

"Біз ІІМ, жергілікті білім басқармасының қамқорлық көрсететін органдарымен байланыстамыз. Мен олардан ақпарат күтудемін", - деп айтты ҚР балалар құқығы жөнінде уәкіл Аружан Саин.


Өзгелердің жаңалығы