Тарбағатайлық тұрғыннан заңсыз мылтық тәркіленді

24 Желтоқсан 2021, 11:50
1114
Бөлісу:
Тарбағатайлық тұрғыннан заңсыз мылтық тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Бұл туралы altaynews.kz хабарлады.

Полиция қызметкерлеріне аудан тұрғындарының бірі тіркелмеген қаруды заңсыз сақтайтыны туралы ақпарат берген.

Тергеп-тексеру барысында 51 жастағы тұрғын қолға түсіп, үйінен суық табылды.
Сараптама қорытындысына сәйкес, табылған зат калибрі 5,6 мм «ТО3-16» ойық атыс қаруы болып табылады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған азаматта қарудың болу мән-жайлары анықталуда, тергеу нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады, – деп түсіндірді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Аталған баптың санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сонымен қатар Полиция департаменті полицияға тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын еске салады.

Өзгелердің жаңалығы