Жамбыл облысы ПД-нің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен Тараз қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.
Ұ сталған азаматшаның жалға алған пәтерін тінту барысында жатын бөлмеден жалпы салмағы 21,51 гр Альфа-PVP “синтңтикасы” бар 75 орам тәркіленді.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы баптың санкциясына сәйкес, мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, - деді Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.