Тараздық полицейлер өзін өлтірмек болған ер адамды құтқарып қалды

Бүгiн, 12:51
134
Бөлісу:
Тараздық полицейлер өзін өлтірмек болған ер адамды құтқарып қалды
VIDEO
Фото: Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

29 қыркүйекте түнгі сағат 3:00 шамасында Тараз қаласы ПБ Жедел басқару орталығына қаладағы мөлтек аудандардың бірінде белгісіз тұлға пышақпен тұрғындардың мазасын алуда деген хабарлама түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға орнына жедел жеткен «Боран-23» автоэкипажының полиция қызметкерлері Амангелді Нұрболат пен Дикаев Ерлан суық қарулы, масаң күйдегі ер адамды әңгімеге тартып, ниетінен қайтару әрекеттерін жасады.

Полиция қызметкерлері кәсіби әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, азаматтың пышағын алып, өзін еш жарақатсыз полиция бөліміне жеткізді. Ер адам ҚР ӘҚБТк-нің 434 және 440-баптарымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген ақпаратта.

Аталмыш жағдайда, мөлтек аудан тұрғындары қауіпсіздіктерін қамтамасыз етіп, дер кезінде көмекке келген полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы