Тараздық оқушылар зағиптарға арналған дыбысты пернетақта ойлап тапты

2 Тамыз 2023, 07:12
913
Бөлісу:
Тараздық оқушылар зағиптарға арналған дыбысты пернетақта ойлап тапты
Фото: видеодан скриншот

Тараздық өнертапқыш оқушылар елімізде алғаш рет брайль жүйесімен жұмыс істейтін пернетақталы принтер ойлап тапты. Құрылғыға «Қазақ Braille» деген атау берген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жанарынан айырылған жандарға арналған арнайы аппарат қазақ тілінде жұмыс істейді. Бүгінде жазғы демалыста жүрген оқушылар құрылғыны жасауға 1 жыл уақыт кеткендігін айтты. Олар әлеуметтік маңызы зор жобаның бірнеше артықшылығына тоқталды. Әуелі көзі көрмейтіндер бедерлі пернетақтаны басу арқылы брайль қаріпін үйренеді. Одан соң дыбысталған әріпті ести алады. Ал артынша принтер арқылы жазбаны қағазға түсіреді. Айта кетейік, Брайль принтерлері нарықта 4-5 миллион теңге тұрады. Ал әулиеаталық оқушылар қазақша пернетақтаға бар болғаны 17 мың теңге жұмсаған.

Алға қойған ең басты мақсатымыз, ол – қазақ әліпбиін дамыту. Себебі бұндай принтерлар қазір нарықта жоқ десек те болады. Кішкентай балаларға, мысалы, олардың құлақ есту қабілеттерін дамыту үшін осы дыбыс көмектеседі, - дейді жас ғалым Айкөркем Егеубай.

Балалардың істеген жобасы қазақ тілді әріптің бәрі дыбысталып анық естіледі. Үлкен-үлкен рахмет балаларға, - дейді облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының маманы Ербол Бегімов.

Өзгелердің жаңалығы