Тараздағы сұмдық жағдай: 13 жасар қызды аялдамадан ұрлап кетпек болды

Баланы ұрламақ болған күдіктілер ізін суытпай қолға түсті.

 видеодан скриншот Бүгiн 2026, 09:10
Бүгiн 2026, 09:10
708
Фото: видеодан скриншот

Таразда тападай тал түсте 13 жасар қызды аялдамадан ұрлап кетпек болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Полицияға белгісіз екі адамның автокөлікпен аялдамада тұрған қыз баланы ұрлап кетпек болғаны туралы хабарлама түскен. Баланы ұрламақ болған күдіктілер ізін суытпай қолға түсті. 

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жетті. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Балалардың қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін кез келген әрекет ерекше бақылауда болады және қолданыстағы заңнама аясында қатаң түрде жолы кесіледі, - деп хабарлады Тараз қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте қыз балаға шабуыл жасаған жасөспірім ұсталған болатын. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх