Тараз қаласында жылыту маусымы аяқталады, деп хабарлайды BAQ.KZ шаһар әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабын басшылыққа алып, ауа райы температурасының бірқалыпты тұрақтануына байланысты Тараз қаласын жылумен қамтамасыз етуші кәсіпорындар 2023 жылдың 12 сәуірі күні сағат 00:00-ден бастап 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымын аяқтайды, – делінген әкімдік хабарламасында.